Пластик ыдыс қауіпті химиялық заттарды бөліп шығара алады. Түбінде орналасқан арнайы белгішелерге назар аударыңыз. Сандары бар кішкентай үшбұрыштар сол бөтелке дайындалған пластиктің түрін білдіреді.
- «1» деген таңбасы бар бөтелке (PET немесе PETE) бір рет қолданылған кезде ғана қауіпсіз. Оттегі болған кезде, қызғанда немесе күн астында тұрған кезде мұндай бөтелке улы заттар бөліп шығарады да, олар суға түседі.
- «3» және «7» деген таңбасы бар бөтелкелерден (PVC және PC) аулақ болыңыз, өйткені олар тамақ пен сусындарға ене алатын, ал ағзаға ұзақ уақыт әсер еткен кезде қауіпті аурулар тудыруы мүмкін улы заттарды бөліп шығарады.