ҚСК аралағаннан кейін қатысушылар Rocket Plastic деп аталатын пластик қалдықтарын жинайтын және қайта өңдейтін шағын шеберханаға барды. Аталмыш шеберхана Қаныш Сәтбаев атындағы политехникалық университеттің ғимаратында орналасқан.
Қатысушылар шеберхананың қызметіне бірден қызығушылық танытты. Экскурсияның ерекшелігі – пластик қалдықтарын өңдеудің барлық кезеңдерін көзбен көріп, ендігі дайын болған материалдарды қолмен ұстап көруге болатындығында.
Жоба өкілдері Данияр Бәкімов, Кенен Сқақов және Ильдар Пирманов қатысушыларға жобаның басталу тарихын айтып берді. Жоба шамамен 1,5 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде жобаның командасы пластик қалдықтарынан жиһаз, интерьерге арналған бұйымдар жасау мүмкіндігіне қол жеткізген.
Rocket Plastic шеберханасы келесідей: ПНД, ПВД және ПП таңбалауы бар пластик қалдықтарынан өнімдер өндіреді. Сондай-ақ, шеберханаға кіре берісте орнатылған торлы контейнерлердің көмегімен қала азаматтарынан пластик қалдықтарын жинау жүзеге асырылады. Жинау үшін келесідей: ПЭТ, ПНД, ПВД және ПП таңбалауы бар пластикті қабылдайды.