«Пластикпен ластану: шешімдері мен ынтымақтастықты іздеу» тақырыбындағы конференция, 2020 жылдың 4-5 наурызы, Алматы қ.
- Конференцияға әртүрлі мүдделі тараптардың өкілдері, соның ішінде:
• мемлекеттік органдар;
• халықаралық ұйымдар;
• пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындар;
• өнім өндірушілер / жеткізушілер;
• үкіметтік емес ұйымдар және эко-белсенділер;
• Қырғыз Республикасынан келген делегация, оның ішінде мемлекеттік орган, бизнес және ҒӨБ өкілдері.
Конференцияның ашылымы кезінде келесі спикерлер сөз сөйледі:
• Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің Қатты тұрмыстық қалдықтар басқармасының бас сарапшысы
Назгүл Әлімсурина, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің Қатты тұрмыстық қалдықтар басқармасы;
• Бағдарламалық қызметкер
Олжас Атымтаев, БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, Орталық Азия бойынша кеңсе;
• «Coca-Cola» компаниясының Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері
Александра Аккирман;
• «Green Women» («Грин Вумен») аналитикалық экологиялық агенттігі» Қоғамдық бірлестігінің директоры
Лидия Астанина;
• «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» Орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры
Вера Мустафина.
Олар қатысушылармен сәлемдесіп, пластикпен ластану проблемасының өзектілігі жайында айтты.
Конференцияның бағдарламасы төрт сессияны қамтыды:
1-сессия Пластикпен ластану: халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға төнер қауіп;
2-сессия Халықаралық заңнама және пластик қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызмет;
3-сессия Қазақстанда пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу жүйесінің дамуы;
4-сессия Пластикпен ластану проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстар мен бастамалар