Мүдделі ұйымдарға арналған «Ұйымдарда қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін енгізу» тақырыбындағы оқыту тренингі 2020 жылдың 18 ақпанында Петропавл қаласында өтті.
Тренингтен өту үшін қалдықтарды түзушілер шақырылды, олардың ішінде оқу орындары (мектептер, колледждер мен ЖОО), мейрамханалар, қонақ үйлер, бизнес орталықтары және сауда ойын-сауық орталықтары болды.
Оқыту тренингі барысында ұйымдарда қалдықтарды бөлек-бөлек жинауды енгізу мен қалдықтарды қайта өңдеуге берудің маңыздылығы тағы да бір рет аталып өтті, қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелерінің заңнамалық аспектілері түсіндірілді. Тренинг барысында қалдықтарды бөлек-бөлек жинауды енгізудің негізгі кезеңдері, ықтималды қиындықтар және олардың практика жүзіндегі шешімдері ұсынылды.
Тренингтің соңында қатысушылар практикалық сұрақтар қойып, өз үй-жайында қалыптасқан макулатураны жинау тәжірибесімен бөлісті, пластик қалдықтарының қандай түрлері өңделе алатындығын және ғимаратта қауіпті қалдықтарды жинау жолын қалай дұрыс ұйымдастыруға болатындығын сұрады.
Тренингтің соңында қатысушыларға тренингтен өткендігі туралы атаулы сертификаттар берілді.