«Пластик қалдықтарын бөлек-бөлек жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» дөңгелек үстелі, 18 ақпан 2020 ж. Петропавл қаласында
«Пластик қалдықтарын бөлек-бөлек жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» тақырыбындағы екінші дөңгелек үстел 2020 жылдың 18 ақпанында Петропавл қаласында өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысына СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, СҚО әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, СҚО Экология департаменті мен Статистика департаментінің, Солтүстік Қазақстан облысы «Атамекен» ӨКП, «Оператор РОП» ЖШС-нің өкілдерін, сондай-ақ пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдерін, ҒӨБ және ЖОО, сауда орталықтарын, қонақ үйлер және СҚО басқа да қалдық түзушілерін қоса алғанда, түрлі ұйымдардан 24 адам қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға жоба жайындағы ақпарат пен бірқатар презентациялар ұсынылды, әртүрлі мүдделі тараптардың қатысуымен пластик қалдықтарымен жұмыс істеу аясындағы өзекті мәселелерге талқылау жүргізілді. Барлығы сөз сөйлеп болғаннан кейін «Халықтан және ұйымдарда пластик қалдықтарын бөлек-бөлек жинау мен қайта өңдеуді дамытудың проблемалары және перспективалары» тақырыбында талқылау сессиясы өтті.

Талқылауға қалдықтарды жинау және қайта өңдеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері, қалдықтарды түзушілер қатысты.