Пластиктің таңбалануы
  • 1 — PET/PETE (ПЭТФ) – полиэтилентерефталат.
    Мұндай таңбалаумен бөтелке, бір рет қолданылатын кішкентай стақандар, тәрелкелер және басқа да ыдыстар, өзге де сыйымдылықтар мен қаптамалар (тұздықтарға, косметикаға, дәмдеуіштерге арналған) жасалатын пластик белгіленеді.
    Толығырақ


  • 2 — HDPE (ПВД) өте тығыз полиэтилен (қысымы төмен).
    Бұл пластмассадан түрлі сұйықтықтарға арналған сыйымдылықтар, бір рет қолданылатын пакеттер, тағам өнімдеріне арналған түрлі ыдыстар, ойыншықтар, косметика мен тұрмыстық химияға арналған құтылар және контейнерлер, канистрлер, шелектер жасалады.
    Толығырақ
  • 3 — PVC (ПВХ) – поливинилхлорид.
    Пластмассаның бұл түрінен тағамдық пленка, кей кезде материал айтарлықтай икемді болғандықтан бөтелкелер, пакеттер, ойыншықтар жасалады.
    Толығырақ

  • 4 — LDPE (ПЭНД) тығыздығы төмен полиэтилен (қысымы жоғары).
    Бұл материал икемді, айтарлықтай жеңіл, алайда берік. Одан пакеттер, бөтелкелер, түрлі контейнерлер мен сыйымдылықтар, балалар ойыншықтарын, спорттық және туристік жабдықтарға арналған бөлшектер мен тауарларды жасайды.
    Толығырақ
    .
  • 5 — РР (ПП) – полипропилен.
    Қазіргі заманғы адамның өмірінде осы бір материалдан жасалған бұйым жиі кездесіп жатады, олар: тамақ өнімдеріне арналған ыдыстар (тәрелкелер, қасықтар, шанышқылар, кішкентай стақандар), қаймаққа, йогуртқа, сүзбеге, балалар тағамына, шоколад пен нанға арналған қаптамалар мен құтылар, гигиена құралдары, памперстер.
    Толығырақ
  • 6 — PS (ПС) – полистирол.
    Пластиктің осы бір түрін көбінесе бір рет қолданылатын ыдыстарды, сондай-ақ етке, жұмыртқаға, көкөністер мен жемістерге арналған көбіктенген төсемдерді жасау үшін қолданады. Бұл өндірісте арзан, өте жеңіл, шама-шарқынша берік.
    Толығырақ

  • 7 – O (OTHER) - пластиктің өзге түрлері. Бұл топқа өзіндік әріптік код берілмеген барлық пластик түрлері кіреді. Мысалы, поликарбонат және полиамид. Бұл топтағы материалдардан тамақ өнімдерімен жанасатын және басқа мақсаттарда қолданылатын көптеген өнімдер жасалады.
    Толығырақ