2020 жылы 25 қыркүйекте Шымкент қаласында «Аймақта пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту» атты қалдықтарды бөлек жинау жүйесін жетілдіру тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығы» қоғамдық қоры болып табылады. Дөңгелек үстел «The Coca-Cola Foundation» халықаралық қорының қолдауымен іске асырылатын "Пластикті қайта өңдеуге «Иә!» де" жобасы аясында өткізілді.
Пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу проблемалары мен оларды шешу жолдарын талқылауға Шымкент қаласы әкімдігінің экология департаменті, табиғи ресурстарды басқару және табиғатты пайдалану, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, ЖШС «Оператор РОП» және қалдықтарды жинауға және өңдеуге мамандандырылған компаниялардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар проблемаларды, сонымен қатар пластикалық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу үлесін арттыру бойынша жаңа құралдарды, пластик қалдықтарды қайта өңдеушілердің өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады, жергілікті атқарушы органдар Шымкент қаласындағы қалдықтарды басқару саласындағы қазіргі жағдай туралы, сондай-ақ пластика қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту туралы айтты.
Іс-шара барысында Ұйымдарда қалдықтарды басқарудың ұтымды жүйесін енгізу (бизнес орталықтары, қонақ үйлер, білім беру мекемелері, сауда орталықтары және т.б.) тақырыбында тренинг өткізілді, тренингке қатысушылар сертификаттар алды.