"Пластикті қайта өңдеуді қолда" Жобасының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан қалаларында дөңгелек үстелдер өткізіледі. Дөңгелек үстелдер Алматы, Петропавл және Шымкент қалаларында өтті. Аталған іс-шараның тақырыбы "пластик қалдықтарын бөлек жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту". Павлодар пилоттық қалалардың бірі болғандықтан, 15 қазан күні осы қалада дөңгелек үстел өткізілді. Пластик қалдықтарының пайда болу көлемінің өсуі және оны дұрыс пайдалану Қазақстанның халық тығыз орналасқан барлық өңірлері үшін өзекті проблема болып табылады. Дөңгелек үстел әрбір өңірдің ерекшеліктерін анықтау үшін қажетті шешім ретінде қызмет етеді және мемлекеттік органдарды, қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарды, өнім өндірушілерді/жеткізушілерді/импорттаушыларды, жұртшылықты қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды шоғырландыру болып табылады.
Жоба шеңберінде Қазақстанда пластик қалдықтарымен жұмыс істеу жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылау, мүдделі тараптардың ынтымақтастығын күшейту, сондай-ақ Қазақстанда қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу үлесін арттыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін жобаның қалған пилоттық қалаларында бірқатар дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу жоспарлануда.
Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін "ұйымдарда қалдықтарды басқарудың ұтымды жүйесін енгізу"тақырыбында Тренинг өткізілді. Бұл тренинг ұйымдарда қалдықтарды дұрыс өңдеуге арналған.