Бүгінгі таңда көптеген эко-қолданбалы бағдарламалар, эко-дүкендер, органикалық косметика бар және бұл дегеніміз керемет. Қазақстандықтар адымдап саналы тұтыну жағдайына келуде. Пластик пакеттерден бас тарту – біздің қолымыздан келер ең кішкентай да, қарапайым нәрсе, бұл әдет мәселесі. Егер адам саналы түрде өмір сүруды қалайтын болса, онда бұл аталған жолдағы ең жақсы алғашқы қадам. Эко-сөмке - пластик пакетке ең үздік балама. Бұл сән үрдісі және планетаның болашағы жайындағы қамқорлық символы.
Эко-сөмкелерді берік, қолайлы және экологиялық таза табиғи материалдан жасайды, ондай материал ретінде әдетте мақта-мата, зығыр, кендір, қарасора, бамбук жүреді. Эко-сөмкелер 100% биодеградация қабілетіне ие: олар топырақта ыдырап, оған органикалық заттар қосады.
Үлгісі жағынан алғанда бұл аксессуарлар барынша қарапайым және пакеттерге, авоськаға немесе тұтқалары бар дорбаларға ұқсайды. Эко-сөмкені жағажай немесе көкке шығуға арналған кең сөмкенің нұсқасы ретінде пайдалануға болады. Эко-сөмкелерді қалаңыздың сауда орталықтары мен супермаркеттерінен немесе онлайн-дүкендерден сатып ала аласыз. Сондай-ақ, оны өз қолыңыздан да жасап алуыңызға болады!
Ең жақсы таңдау – мақта-мата, зығыр, джинсалық мата, сонымен қатар берік және жеңіл плащевка, нейлон. Біз қарапайым модельді және орташа күрделі нұсқаны таңдадық.
Стандартты модель үшін, сондай-ақ сауда жасауға және жағажайға арналған сөмкелер үшін тік және көлденең тікбұрыштарды кесіп алып, оларды тігін машинасының көмегімен тігіп, ішін сыртына айналдырады да, бұрыштарын туралап шығады. Осылайша түбі жасалады. Ұстанымының ыңғайлы ұзындығын анықтап аламыз, әркімнің өзіндік өлшемі бар.
Эко-сөмке - біздің планетамыздың таза болашағына салынатын инвестиция!