Неліктен бір рет қолданылатын пластик бөтелкелерден бас тартқан жөн?
Кофеге арналған термокружканы және суға арналған бөтелкені сатып алу пластикті әлдеқайда саналы түрде пайдалануыңызға көмектеседі. Күн сайын көңіл-күйіңізді көтеріп отыратын көптеген стильді, әдемі термокружкалар мен суға арналған көп қайтара пайдалануға болатын бөтелкелер бар емес пе.
Пластиктің айласы көп, сондықтан қағаз стақан секілді болып көрінуі әбден мүмкін. Иә-иә, «өзіңмен бірге» алып кететін шай және кофе құйылатын бір рет қолданылатын стақандардың ішкі жағы кез-келген температурада пішінін сақтап тұруы үшін пластик пленкамен жабындалған. Олар толтырғаннан кейін 5-10 минут өте салысымен тасталып, пластик қоқыстың қатарын толықтырады. Көптеген кофеханалар «өзімен бірге кофені» өз ыдысына алатын сатып алушыларға жеңілдік жасайды. Сонымен қатар, бұл үнемдеудің жақсы тәсілі – кофе немесе шайды үйден дайындап, өзіңізбен бірге алып жүруге болады.
Оқуға, жұмысқа немесе қала сыртындағы демалысқа суды өзіңізбен бірге апару үшін флягаларды немесе көп қайтара пайдалануға болатын бөтелкелерді пайдаланған оңай!