Алматы қаласындағы «Green Recycle» ЖШС қоқыс сұрыптау кешенін аралау
Қоқыс сұрыптау кешені Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан. Ол 2018 жылдың қыркүйегінде ресми іске қосылған. ҚСК қуаттылығы жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықты құрайтын итальяндық технологияны пайдаланады.

Қоқыс сұрыптау кешенін араламас бұрын компанияның әкімшілігі қатысушылармен мұқият нұсқаулық өткізді. Кешеннің ішінде болу кезіндегі қауіпсіздік техникасы айтылып, қатысушыларға арнайы жабдықтар берілді. Қатысушылар кешен әкімшілігінің өкілдері бар үш топқа бөлінді.

ҚСК-мен экскурсия кезінде қатысушылар әртүрлі сұрақтар қойды, олардың барысында ҚСК жұмыс уақытында бұл жерге қаладан күніне 1500 – 1700 тонна қалдық келіп түсетіндігі, олар түсіріліп, содан кейін қолмен сұрыптау желісіне жіберілетіндігі белгілі болды. Макулатура, пластик қалдықтары, полиэтилен пакеттер, шүберек, электронды қалдықтар, металл, шыны алынады. Желінің артынан шыққан қалдықтар көмілуге кетеді.