«Пластикпен ластану: шешімдері мен ынтымақтастықты іздеу» конференциясы, 4-5 наурыз 2020 ж. Алматы қаласында
«Пластикпен ластану: шешімдері мен ынтымақтастықты іздеу» тақырыбындағы конференция, 2020 жылдың 4-5 наурызы, Алматы қ.

  • Конференцияға әртүрлі мүдделі тараптардың өкілдері, соның ішінде:

    • мемлекеттік органдар;

    • халықаралық ұйымдар;

    • пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындар;

    • өнім өндірушілер / жеткізушілер;

    • үкіметтік емес ұйымдар және эко-белсенділер;

    • Қырғыз Республикасынан келген делегация, оның ішінде мемлекеттік орган, бизнес және ҒӨБ өкілдері.

Конференцияның ашылымы кезінде келесі спикерлер сөз сөйледі:

• Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің Қатты тұрмыстық қалдықтар басқармасының бас сарапшысы Назгүл Әлімсурина, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің Қатты тұрмыстық қалдықтар басқармасы;

• Бағдарламалық қызметкер Олжас Атымтаев, БҰҰ қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, Орталық Азия бойынша кеңсе;

• «Coca-Cola» компаниясының Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Александра Аккирман;

• «Green Women» («Грин Вумен») аналитикалық экологиялық агенттігі» Қоғамдық бірлестігінің директоры Лидия Астанина;

• «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» Орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Вера Мустафина.

Олар қатысушылармен сәлемдесіп, пластикпен ластану проблемасының өзектілігі жайында айтты.

Конференцияның бағдарламасы төрт сессияны қамтыды:

1-сессия Пластикпен ластану: халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға төнер қауіп;

2-сессия Халықаралық заңнама және пластик қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызмет;

3-сессия Қазақстанда пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу жүйесінің дамуы;

4-сессия Пластикпен ластану проблемаларын шешу жөніндегі ұсыныстар мен бастамалар