Хотите вступить в сеть?
Заполните поля ниже и нажмите отправить, мы рассмотрим Вашу заявку

"Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату" Дөңгелек Үстелі, 26 ақпан 2021 ж, Тараз қаласы

Өңірде пластик қалдықтарын бөлек жинау және қайта өңдеу жүйесін дамыту - дәл осы тақырыпта 26 ақпанда Тараз қаласында дөңгелек үстел өткен болатын.
Бүгінгі күні Қазақстанда, сондай-ақ Жамбыл облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу проблемасы өте өзекті мәселе болып отыр. Мәселелерді шешу қаржыландыру, инвесторларды тарту, инфрақұрылымды дамыту, Халықпен жұмыс істеу, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын күшейту сияқты көптеген факторларға байланысты.
Қойылған мақсаттарды орындау үшін Жамбыл облысы әкімдігінің экология департаменті, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, "РОП Операторы" ЖШС, қалдықтарды жинау және қайта өңдеумен айналысатын компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар және т. б. өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
ля участия в Круглом столе «Развитие системы раздельного сбора и переработки твердых бытовых отходов в г. Тараз.» были приглашены
Дөңгелек үстелде Жамбыл облысындағы пластик қалдықтарын жинау мен қайта өңдеудің ағымдағы мәселелері, пластик қалдықтарын жинау мен қайта өңдеу үлесін арттыру құралдары, пластик қалдықтарын өндірушілер мен қайта өңдеушілердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды басқару саласындағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ осы жүйенің қалай дамып жатқандығы және бүгінгі күні қандай шешімдер бар екендігі туралы айтып берді.

"Тараз қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату" тақырыбындағы дөңгелек үстеліне шақырылған ұйымдар:

- Жамбыл обласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы;
- Жамбыл обласының экология департаменті;
- ҰҚП «Атамекен»;
- ЖШС «Оператор РОП»;
- Байзақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
- Жамбыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
- Меркі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
- Шу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
- Талас ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
- Мойынқұм ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
- Жергілікті деңгейде жұмыс істейтін "Jasyl el" Жамбыл облыстық еңбек жасақтары штабы;
- пластик қалдықтарын жинау және өңдеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындар;

Дөңгелек үстелге барлығы 27 адам қатысты.